Курманова Таисия Витальевна 1961 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты – орыс. Курманова Т.В. 1986 жылы КазҰУ тарих факультетін «Тарих. Тарихты оқыту» мамандығы бойынша бітірген. 1986 жылдан бастап әл-Фараби ат. ҚазҰУ шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында жұмыс істеп келеді. Шетел азаматтарымен жұмыс істеу тәжірибесі – 36 жыл. Тіл меңгерудің бастауыш және жалғастырушы деңгейлерінде Қазақстан тарихы, елтану, әлеуметтік-саяси ақпарат тілі, Қазақстан тарихы және мәдениеті пәндерінен сабақ береді. Ғылым саласындағы қызығушылықтары – шетел аудитоиясында орыс тілін және жалпы білім беру пәндерін оқыту. 80 аса ғылыми еңбектің, соның ішінде 8 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Тіл үйренудің бірінші және екінші жылына арналған «Қазақстан тарихы мен мәдениеті», бастауыш деңгей үшін «Елтану» пәндері бойынша оқу бағдарламаларын құрастырған.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1986 |
0
құжаттар
0